«Astana Innovations» «Есіл», «Алматы» және «Сарыарқа» аудандарының әкімдіктерімен бірлесіп «Ақылды аудан» ауқымды жобасын іске қосуда.
Ақылды аудан - қазіргі уақытта белгілі ақылды технологиялар мен шешімдерді шоғырландыратын «жанды зертхана».
Жобаға кез-келген адам қатыса алады, ол үшін Сізде креативті технологиялық шешім - қоршаған ортаға, астана тұрғындары мен қонақтарына пайдасы бар қалалық ортада қолдануға болатын өнім немесе қызмет болуы керек.
«Ақылды» қаланы қалыптастыру кезеңдерінің бірі ретінде тиімді шешімдерді пилоттау және масштабтау арқылы астанада «ақылды» ауданды тәжірибе жүзінде құру
Қала аумақтарын әрі қарай елдің басқа қалаларына әсер ететін модельдік аудандар ретінде дамыту
1. Өтінімдерді қарау және іріктеу жүргізу
2. Пилот үшін ауданды анықтау
3. Меморандумға қол қою
4. Шешімдерді орнату бойынша жұмыстар жүргізу
5. Пилоттың тиімділігін талдау
БАҒЫТТАР
«Ақылды басқару» азаматтардың қала шаруашылығын басқаруға белсенді қатысуын және мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу үшін байланыс құралдары мен өзіне-өзі қызмет көрсетудің онлайн-арналарын «ақылды» пайдалануды қамтиды («электрондық әкімдік»).
Негізгі артықшылықтары: «ақылды басқару» технологиясы халықтың шешім қабылдау процесіне белсене қатысуына ықпал етеді, қоғамдық қызметтер мен әлеуметтік қамсыздандырудың сапасы мен тиімділігінің артуын қамтамасыз етеді, сонымен қатар қалалық құрылымдардың қызметін неғұрлым ашық етеді (атап айтқанда, «ашық деректерді» пайдалану есебінен - ресми деректерді тұрғындармен бөлісу процесі).
2. қоғамдық және әлеуметтік қызметтер;
3. басқарудың ашық тетіктері;
4. «ашық деректер» (тұрғындарға әкімдіктің деректеріне қол жеткізуді ұсыну);
5. «Әкімшілік-аумақтық құрылымдарды тұрақты дамыту» ISO 37101 халықаралық стандартын қолдану. Менеджмент жүйесі. Жалпы қағидалар мен талаптар» және міндетті немесе Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға ұсынылған мемлекеттің уәкілетті органдар қабылдаған және әзірлеген басқа да стандарттар.
2. мемлекеттік құрылымдар қызметінің тиімділігін арттыр;
3. мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы.
Ақылды экономика экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін экономикалық саясатты, нормативтік-құқықтық базаны және технологияны интеграциялауға негізделген.
Бизнесті жүргізу жеңілдігімен сипатталатын инновациялар мен адами ресурстарды Нұр-Сұлтан қаласының іскерлік ортасымен үйлестіру экономиканың табысты дамуының рецепті, ол өз кезегінде қала бюджетінің тұрақты және жеткілікті кіріс (салық) базасын қалыптастырудың негізін қалайды.
Негізгі артықшылықтары: «ақылды экономика» инновация мен кәсіпкерліктің өсуіне (жаңа технологияларды енгізу арқылы) ықпал етеді, қаладағы шаруашылық қызметтің тиімділігін (байланыс сапасын арттыру арқылы) және экономикалық бренд пен имиджді нығайту - қаланың жетекші іскери орталық ретіндегі беделін арттыру.
1. инновацияларды енгізу;
2. кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеттілігі;
3. экономикалық бренд және имидж;
4. еңбек өнімділігі;
5. еңбек нарығының икемділігі.
1. Астана экономикасының тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
2. Нұр-Сұлтан қаласының Еуразияның іскерлік орталығы ретінде қалыптасуы.
«Ақылды көлік» қалада адамдар, өнімдер мен идеялардың тиімді қозғалысын қамтамасыз ету үшін қаланы жоспарлауды, жер пайдалану мен технологияларды интеграциялауға негізделген.
Негізгі артықшылықтары: Интеллектуалды көлік жүйесі интермодальдық, жергілікті тасымалдау мүмкіндіктерін (кең жолақты және тар жолақты қалалық көлік, жедел автобус бағыттары), қалалықтардың нақты уақыт режимінде көлік деректеріне, сондай-ақ халықаралық және қалааралық бағыттарға, мысалы, технологиялар негізінде туризм үшін ыңғайлы мүмкіндіктерді қамтиды.
1. мультимодальды көлік нысандары;.
2. қалалықтар үшін нақты уақыттағы жол қозғалысы туралы ақпарат;
3. ұлттық (халықаралық) деңгейде қол жеткізу;
4. сенімді, инновациялық және қауіпсіз көлік жүйесі;
5. ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның болуы.
2. көлік инфрақұрылымын дамыту.
«Ақылды қоршаған орта» қалада қоршаған ортаны қорғау және сақтау үшін жаңа технологияларды қолдануды көздейді. Қала жағдайында экологиялық менеджементтің сәтті әдістерінің қатарына ресурстардың тиімділігін арттыру және қалдықтардың пайда болуын азайту кіреді.
Негізгі артықшылықтары: «ақылды қоршаған ортаны» құру технологиялары табиғи жағдайлардың тартымдылығын арттырады, шығарындыларды бақылауға және азайтуға мүмкіндік береді, және ең бастысы, ұйымдар мен қала тұрғындарының ресурстарды ұтымды пайдалану стандарттарын алға жылжытуға мүмкіндік береді.
1. ластану деңгейін төмендету;
2. қоршаған ортаны қорғау;
3. ресурстарды тұрақты пайдалану.
1. қалалық ортаны трансформациялау арқылы қоғамдық кеңістікті дамыту;
2. таза қоршаған ортаны сақтау.
«Ақылды қоғам» жұмыспен қамтылған халықтың біліктілігі мен білімі жағынан сапасын арттыру мақсатында білім беру саясаты мен технологиясының интеграциясына негізделген.
Осы бағыт аясында халықтың қоғамдық өмірге және жергілікті қауымдастықтардың өміріне белсенді қатысу дәрежесі, сондай-ақ олардың «сыртқы» әлемге ашықтығы қарастырылады. Қаланың адам ресурстары - бұл өте құнды актив, өйткені ол білім, шығармашылық және қала экономикасының қарқынды және тұрақты дамуын қолдай отырып, жаңашылдық қызметін жүргізуге қабілетті.
Негізгі артықшылықтары: АКТ-ның көмегімен Нұр-Сұлтан қаласында адамдардың білім деңгейі мен біліктілігін көтеруге болады (технологиялық шешімдерге негізделген мектептегі білім беру бағдарламалары шеңберінде), әлеуметтік және этникалық әртүрлілікті кеңейту және алға жылжыту азаматтарға әкімдікпен бірлесе отырып қаланы жобалауға және оны құруға қатысуға мүмкіндік беру арқылы үлкен шығармашылық процеске ықпал етеді.
1. біліктілік деңгейі;
2. икемділік;
3. тұрақтылық;
4. шығармашылық;
5. қоғамдық өмірге қатысу;
6. азаматтардың өзгерістерге ашықтығы;
7. оқу құралдары.
жеке табысты қалыптастыру және тұрғындардың құзыреттіліктерін дамыту үшін жағдайлар жасау.
«Ақылды өмір салты» қалалықтардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған және жеке және қоғамдық қауіпсіздік, мәдениет, денсаулық сақтау, тұрғын үй және туризм мәселелерін қозғайды. Алдыңғы қатарлы, жылдам дамып келе жатқан қалалар қонақтарға, потенциалды тұрғындарға және компанияларға олардың тартымдылығын өмір сүруге, жұмыс істеуге және инвестициялауға бейімделу тұрғысынан тиімді пайдалануға тырысады.
Негізгі артықшылықтары: «ақылды өмір салты» стандарттарын насихаттайтын қалалар денсаулық сақтаудың сандық жүйелерімен, өмірдің жоғары сапасымен, жеке қауіпсіздігімен (технологиялар қылмыспен күресуге көмектеседі) және технология есебінен қол жетімділігі кеңейген мәдени және демалыс мекемелерінің бар екендігімен танымал.
1. мәдени объектілер;
2. денсаулық сақтау жағдайлары;
3. жеке қауіпсіздік;
4. тұрғын үй сапасы;
5. туристер үшін тартымдылығы;
6. әлеуметтік тұтастық.
1. Нұр-Сұлтан қаласының өңірлік мәдениет орталығы ретінде дамуы;
2. қала тұрғындары мен қонақтары үшін қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ету;
3. халықтың әл-ауқатын жақсарту;
4. ТКШ саласындағы кәсіпорындардың өнімділігін арттыру;
5. денсаулық сақтаудың қол жетімділігін қамтамасыз ету және салауатты, спорттық өмір салтын қалыптастыру;
6. тұрғын үйдің қол жетімділігін арттыру.