
Қасабек Ботагоз Абдихамитқызы
кеңесінің төрағасы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1308 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 31 мамырдағы №30-484қ қаулысына, сондай-ақ "Акционерлік қоғамдар туралы" ҚР Заңына сәйкес жарғылық капиталында "Astana "ӘКК" АҚ 100 пайыз қатысатын акционерлік қоғам ретінде ашылған.
Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қоғамның Жарғысында белгіленген өкілеттіктер шеңберінде болып табылады. "Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген, мемлекетке тікелей не жанама түрде тиесілі ұлттық даму институттарының және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 30 шілдедегі № 450 қаулысына сәйкес Қоғам Технологиялық даму саласындағы индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген заңды тұлға ретінде айқындалған.
Сондай-ақ, Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің 06.12.2013 жылғы № 180-2095 қаулысымен "Астана Innovations" АҚ: жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың, сондай-ақ республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер есебінен жобалардың ТЭН экономикалық сараптамасын жүзеге асыруға уәкілетті бюджеттік инвестициялардың экономикалық сараптамасын жүзеге асыру, жергілікті бюджет есебінен заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыруға жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді жүзеге асыру және оларға сараптама жүргізу концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеуді жүзеге асыруға уәкілетті.
"Астана Innovations" – Нұр-сұлтан қаласындағы цифрлық инновациялар мен технологияларды дамытудың негізгі институты. Миссиясы – елорданың цифрлық дамуын ынталандыру.
Өз миссиясын іске асыру шеңберінде "Астана Innovations" қызметінің стратегиялық бағыттары:
- елордада цифрлық инновациялар ұсынысын қолдау;
- жергілікті нарықтағы цифрлық шешімдерге сұранысты ынталандыру;
- елорданың цифрлық экожүйесінің тиімділігін арттыру.
Нұрғожин Әділет
Ерғалиұлы
КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ
"Astana Innovations" АҚ бос жұмыс орындары туралы ақпарат тек ресми сайтта және HeadHunter сайтында орналастырылады (www.hh.kz). Басқа сайттарда орналастырылған хабарландырулар үшін "Astana Innovations" АҚ жауапты емес.
"Astana Innovations" АҚ-да жұмысқа персоналды іріктеу еңбек заңнамасы шеңберінде жүзеге асырылады және кандидаттың біліктілік талаптарына сәйкестігіне негізделеді, атап айтқанда: білім деңгейі, жұмыс тәжірибесі, шет тілдерін білуі және басқа да талаптар.
Бос жұмыс орындары туралы ақпарат алу үшін info@ain.kz