ИННОВАЦИЯЛАРДЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ДЕПАРТАМЕНТІ
Астана Innovations инновациялық экожүйені құру және таланттарды, жас ғалымдарды, стартаптарды қолдау үшін негіз құру арқылы елорданы жаһандық ақылды қалаға айналдыру бойынша жұмыс жүргізеді.
МІНДЕТТЕРІ
- Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің төрағалығымен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің IT-Кеңесінің тиісті жұмыс істеуі;
- стартап жобалардың өтініш берушілері үшін инновацияларды дамыту саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу;
- https://ain.kz ресми интернет-ресурста стартап жобалардың дерекқорын жүргізу;
- Астана Innovations Challenge аясында стартап-марафондар өткізу, ол Нұр-Сұлтан қаласының инновациялық экожүйесін дамыту шеңберінде өткізілетін және қала тұрғындарын, ғылыми, бизнес-стартап-қоғамдастықтар мен түрлі салалардағы тәлімгерлерді белсенді тарту арқылы қалалық технологиялық міндеттерді шешуге бағытталған іс-шаралар сериясы болып табылады;
- ғылым, технология, инженерия және математика саласындағы дарынды балаларды анықтау үшін оқушылар арасында «STEM олимпиадасын» өткізу;
- Халықаралық IT-қоғамдастығының қатысушылары арасында гранттық қолдау іздеу және бірлескен жобаларды іске асыру;
ФУНКЦИЯЛАРЫ
- инновациялық экожүйені дамытуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
- Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, Үкіметтің, Президент Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Президентінің жоғары лауазымды тұлғаларының қатысуымен қоғам құзыреті шеңберінде инновациялар мәселелері бойынша кеңестер мен дөңгелек үстелдер ұйымдастыру және өткізу;
- индустриялық-инновациялық қызметті қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыратын қалалық инновациялық инфрақұрылым өкілдерімен, мемлекеттік органдармен және ұйымдармен ынтымақтастық;
- отандық инновациялық жобаларды отандық нарықтарға ілгерілетуге жәрдемдесу;
ЖОБАЛАРДЫ ДАМЫТУ ДЕПАРТАМЕНТІ
Астана Innovations «ақылды қала» шешімінде негізделген елорда тұрғындары мен қонақтарының тұрмыс дәрежесін арттырып, қолайлы жағдай жасайды.
МІНДЕТТЕРІ
- «Smart Astana» тұжырымдамасы аясында жобаларды іске асыру;
- жоғары деңгейлі бағдарламалау тілдерін (Python, Java, C#, Swift, PHP, c++, Matlab, RSQL, MySQL және т. б.) пайдалана отырып, мемлекеттік және өзге де дерекқорлардан, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ақпараттық ресурстарынан алынатын деректерді талдау);
- «Smart Astana» мобильді қосымшасының сервистерін түрлендіру;
- «Smart Astana» тұжырымдамасы аясында Нұр-Сұлтан қаласында іске асырылатын жобаларды талдау;
- «Smart Astana» тұжырымдамасы аясында Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік мекемелерінің жаңа технологияларды енгізу бойынша жобаларды іске асыруына мониторинг жүргізу.
ФУНКЦИЯЛАРЫ
- «Smart Astana» «Біріктірілген ақпараттық жүйесі» жобасын іске асыру;
- үлкен және ашық деректер саласында жобаларды іске асыру және басқару;
- «Smart Astana» тұжырымдамасы шеңберінде пилоттық жобаларды енгізу;
- «Smart Astana» жобасы тұжырымдамасының бағыттарын іске асыруды және Қазақстан елордасын «ақылды» тұрақты қалаға айналдыруды қамтамасыз ететін озық халықаралық тәжірибені және отандық инновациялық технологияларды әзірлеушілердің шешімдерін бақылау және талдау.
Жобалар
Кабель кәрізі
Астана Innovations кәбілдік кәрізді жалға беріп, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша байланыс операторларына бәсекелестік орта қалыптастырады.
МІНДЕТТЕРІ
- техникалық пайдалануды ұйымдастыру - Қоғамдық кабель кәрізінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- кәбілдік кәріз қызметтерін ұсыну және кіріс алу;
- Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің тапсырмасы бойынша Қоғамның кәбілдік кәрізінде жүргізілетін жұмыстардың өндірісіне, сондай-ақ қаланың кәбілдік кәрізінің құрылысына техникалық қадағалауды жүзеге асыру.
ФУНКЦИЯЛАРЫ
- Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің тапсырмасы бойынша кәбілдік кәрізді қабылдау және пайдалануға беруге қатысу;
- Қоғамның кәбілдік кәрізін пайдалануға беру бойынша қызметтер көрсету;
- Қоғамның және Нұр-Сұлтан қаласының кәбілдік кәрізін пайдалануға техникалық шарттарды әзірлеу және беру бойынша қызметтер көрсету
құжаттар
- ТШ алу жөніндегі нұсқаулықТУ
- Бұйрық тарифтер
- Бұйрық шарт
- №1 қосымша - Тарифтер
- №2 қосымша - Үлгі шарт
- №3 қосымша - Сауал нысаны
- Кабельдік қызметтер бойынша тарифтік сметаның орындалуы туралы есеп
- № 4 хаттама. Жылдық есепті қарау бойынша ҚР ЦДИАӨМ, Телекоммуникация комитетіндегі қоғамдық тыңдау
- Бос және қол жетімді сыйымдылық туралы ақпарат
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Астана Innovations бөгде дерекқорлардың ерекше талаптарын ескере отырып, деректердің бірыңғай инфрақұрылымын құру үшін мемлекеттік және корпоративтік ақпараттық жүйелерден алынған деректерді өңдеу, талдау және өзектілігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізеді.
МІНДЕТТЕРІ
- Нұр-Сұлтан қаласы бойынша деректер базасының өзектілігін қамтамасыз ету және бақылау;
- жоғары деңгейлі бағдарламалау тілдерін пайдалану мүмкіндігімен мемлекеттік және өзге де дерекқорлардан алынатын деректерді талдау;
- ақпараттық технологияларды құру, енгізу, пайдалану және дамыту мәселелерінде техникалық саясатты қалыптастыру мен жүргізуді және жұмыстарды үйлестіруді қамтамасыз ету;
- қолданыстағы ақпараттық процестерді оңтайландыру және автоматтандыру үшін алгоритмдерді әзірлеу, деректердің аналитикалық модельдерін әзірлеу;
- Қоғамның жаңа жобалары шеңберінде ақпараттық жүйелердің сапалы қызмет етуін және сүйемелдеуді қамтамасыз ету.
ФУНКЦИЯЛАРЫ
- Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің тапсырмалары бойынша Мемлекеттік деректер қорында мәліметтерді өзектендіру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
- әкімдіктің, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері мен дерекқорларынан және өзге де көздерден деректер жинау, деректер жиынтығының параметрлерін айқындау, қателер мен корреляцияларды анықтауға өңдеу жүргізу, түсінік беру және көрсету;
- бөгде дерекқорлардың ерекше талаптарын, қызметті дамыту стратегиясын ескере отырып, деректердің бірыңғай инфрақұрылымын құру үшін ақпараттық-талдамалық жүйелерді әзірлеу;
- орталыққа бекітілген ақпараттық технологияларды пайдалану және дамыту бойынша жобаларды басқару.
БЕЙНЕТІРКЕУ ЖҮЙЕСІНІҢ МОНИТОРИНГІ
Астана Innovations Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін бейнебақылау жүйелері (214 меншікті және 629 интеграцияланған камера) және ЖҚЕ бұзушылықтарын фото бейнебақылау (18 аппараттық-бағдарламалық кешен) арқылы қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етумен айналысады.
МІНДЕТТЕРІ
- Жолдардағы криминогендік жағдайды және апаттылықты төмендету, қылмыстар санын барынша азайту;
- Жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу тиімділігін арттыру;
- Қылмыстарды ашу деректерін іздеу және талдау үшін технологиялық құралдарды пайдалану.
ФУНКЦИЯЛАРЫ
- Көшелерде, тұрғын үй алаптарында және адамдар көп жиналатын басқа жерлерде бейнебақылау;
- Қаланың қиылыстары мен желілік учаскелерінде жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды фотобейнетіркеу.
ТІРШІЛІК ӘРЕКЕТІНІҢ КЕШЕНДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҮЙЕСІНІҢ МОНИТОРИНГІ
Астана Innovations қызметінің бағыттарының бірі «Нұр-Сұлтан қаласында фотобейнетіркеу және бейнеталдау аппараттық-бағдарламалық кешенін құру және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының мониторингі болып табылады.
МІНДЕТТЕРІ
- МЖӘ жобасының мониторингі бойынша жұмыстарға мыналар кіреді:
- АӨК, бейнебақылау камераларының және МЖӘ объектісінің интеграцияланған камераларының жұмыс істеу қабілеттілігінің мониторингі (Іске қосу кешені 1, Іске қосу кешені 2);
- АӨК орнату үшін учаскелерді (объектілерді, құрылыстарды), жалпы бейнебақылау камераларын тексеру (жекеше әріптеспен бірлесіп);
- АӨК, жалпы бейнебақылау камераларын орнату фактісі бойынша учаскелерді (объектілерді, құрылыстарды) тексеру бойынша монтаждау және іске қосу-жөндеу жұмыстарының барысына мониторинг жүргізу;
- АӨК және жалпы бейнебақылау камераларын орналастыру схемаларын дайындау және келісу (жекеше әріптесімен бірлесіп).
ФУНКЦИЯЛАРЫ
- Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің тапсырмалары бойынша Мемлекеттік деректер қорында мәліметтерді өзектендіру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
- әкімдіктің, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері мен дерекқорларынан және өзге де көздерден деректер жинау, деректер жиынтығының параметрлерін айқындау, қателер мен корреляцияларды анықтауға өңдеу жүргізу, түсіндіру және көрсету;
- бөгде дерекқорлардың ерекше талаптарын, қызметті дамыту стратегиясын ескере отырып, деректердің бірыңғай инфрақұрылымын құру үшін ақпараттық-талдамалық жүйелерді әзірлеу;
- орталыққа бекітілген ақпараттық технологияларды пайдалану және дамыту бойынша жобаларды басқару.
Compliance менеджер
Міндеттері
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сыртқы реттеушілік талаптар мен ең үздік халықаралық практиканың сақталуын қамтамасыз ету;
- сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, бағалау және қайта бағалау;
- "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарын сақтауды қамтамасыз ету.
Функциялары
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша түсіндіру іс-шараларын өткізу;
- мүдделер қақтығысын анықтау, мониторингілеу және реттеу бойынша шаралар қабылдау;
- корпоративтік этикалық құндылықтарды дамыту;
- қоғам қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сондай-ақ корпоративтік этика кодексін сақтауын бақылау;
- азаматтық және бизнес - қоғамдастық институттарының өкілдерін тарта отырып, "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу;
- сыбайлас жемқорлық және/немесе оған қатысу фактілері туралы өтініштер (шағымдар) негізінде қызметтік тексерулер жүргізу;
- cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға Қоғам қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу кезінде жәрдем көрсету.