Our projects

АЗИЯ-ТЫНЫҚ МҰХИТЫ МИНИСТРЛік КОНФЕРЕНЦИЯСЫ АЯСЫНДА SMART CITY БОЙЫНША ПАНЕЛЬДІК СЕССИЯ ӨТТІ

Бүгін Азия-Тынық мұхиты министрлер конференциясында «Smart City» тұжырымдамасына арналған панельдік сессия өтті, онда инновациялық басқару, тұрақты даму және қалалық инфрақұрылымның болашағы мәселелері талқыланды. Іс-шараның модераторы CITIX бизнесті дамыту жөніндегі директоры Бақтияр Кубесов болды. Талқылауға цифрландыру, көлік инфрақұрылымы, бейнеаналитика және қалалық қызметтер саласындағы негізгі өкілдер қатысты.

Сессия «Smart City» дамуының негізгі бағыттарын, соның ішінде көлік жүйелерін интеграциялауды, қозғалысты оңтайландыру үшін деректерді талдауды пайдалануды, жаңа технологияларды енгізуді және азаматтардың өтініштерін талдау негізінде қалалық қызметтердің сапасын арттыруды қамтыды.

ҚР Көлік министрлігінің цифрландыру және мемлекеттік қызметтер департаментінің директоры Серғазы Омаш қоғамдық көлікті цифрландыру және мобильді қосымша арқылы проактивті карталарды шығару жөніндегі бастамаларды қоса алғанда, зияткерлік көлік жүйесін құру туралы айтып берді.

«Sergek Group» негізін қалаушылардың бірі Асет Ахметов зияткерлік көлік жүйесіне (ITS) негізделген қалалардағы көлік ағындарын талдау нәтижелерін ұсынды. Ол кептелісте өткізілетін уақытты азайтуға және жиналған мәліметтер негізінде қоғамдық көлікті оңтайландыруға баса назар аударды.

ҚР ЦДИАӨМ жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті төрағасының орынбасары Мирас Закиев мемлекеттік сектор мен бизнесте есептеу қуатын қамтамасыз ету үшін суперкомпьютер құру жөніндегі жобалар, сондай-ақ жасанды интеллектті дамыту және әкімдікпен бірлесіп "Smart City" эталондық стандартын енгізу туралы айтып берді.


Астана әкімдігінің 109 қалалық мониторинг және жедел ден қою орталығының (IKomek 109) басшысы Асқар Таксимов ТКШ, білім беру, көлік және қауіпсіздік жөніндегі деректерді жинайтын және талдайтын орталық жұмысының нәтижелерін айтты. Ол сондай-ақ тұрғындар үшін тиімдірек басқару және қызмет сапасын жақсарту үшін деректерді біріктіру жоспарларымен бөлісті.


Сессия қалалық инфрақұрылымды басқарудың прогрессивті тәсілдерін көрсетті және smart, тұрақты қалаларды құру үшін бірлескен күш-жігердің қажеттілігін атап өтті.

ТАРИФТІК СМЕТАНЫ ОРЫНДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЖИНАЛЫС ӨТЕДІ

"Астана Innovations" АҚ табиғи монополия субъектісі бола отырып, 2024 жылғы 31 шілдеде Астана қ. уақыты бойынша сағат 17:00-де тарифтік сметаны орындау мәселелері бойынша алдағы есептік жиналыс туралы хабарлайды, тыңдаулар C. Сейфуллина, 27, 203 кабинетте өтеді. Толық ақпарат алу үшін + 7 7172 95 42 13 телефон нөмірі немесе kulzhanov.n@ain.kz поштасы арқылы телефон нөміріңізді қалдырыңыз.

Астанада «Astana Smart City Accelerator» бағдарламасының ашылуы өтті

21 маусымда елордада IT-стартаптарды қолдауға және қалалық ортаны жақсартуға бағытталған "Astana Smart City Accelerator" бағдарламасының Opening Day (ашылу күні) өтті. Іс-шараға Астана қаласы әкімінің орынбасары Евгений Глотов және әкімдік басқармаларының өкілдері қатысты.

Евгений Глотов іс-шараны ашып, бағдарлама шешімдер мен идеяларды іс жүзінде жүзеге асыруға бірегей мүмкіндіктер беретінін және жобаларды оқыту мен пилоттық қаржыландыру түрінде қолдау көрсететінін атап өтті.

30-дан астам IT-кәсіпкерлер бағдарламаның тұсаукесерін, әкімдік өкілдерімен speed networking форматында танысуды және кері байланыс алуды, сондай-ақ стартаптарды жедел іріктеуді және трекерлермен сұхбаттарды қамтитын іс-шараға қатысты.

Айта кетейік, Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасы Astana Hub және Astana Innovations-пен бірлесіп елордада IT-кәсіпкерлікті дамыту мақсатымен "Astana Smart City Accelerator" бағдарламасын іске қосты. Бағдарлама денсаулық сақтау, цифрландыру, суды басқару, көгалдандыру, қалдықтарды басқару, білім беру, көлік және коммуналдық қызметтер сияқты маңызды салаларға бағытталған.

Бағдарлама 5 тамызда басталып, оффлайн түрде үш айға дейін созылады. Қатысушылар жетекші сарапшылармен өзара іс-қимыл жасайды, воркшоптарға қатысады, сондай-ақ әкімдік мекемелерінде өз шешімдерін енгізеді.

20 жобаның ішінен үздік 10 жоба іріктеліп алынады, оған Astana Hub Seed Money бағдарламасы бойынша 5 млн теңгеге дейін қаржыландыруды ұсынады.

«Астана Innovations» АҚ қызметінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы хабарландыру

2024 жылғы 3 маусымда «Астана Innovations» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) қызметінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жария талқылауды жүргізу жоспарлануда.
Қоғам қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
1) қоғамның қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) қоғамның ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Осыған байланысты, барлық ниет білдірген тұлғалардан Астана қ., Сейфуллин к-сі, 27-де өтетін осы талқылауға 03.06.2024 жылы сағат 16:00-де қатысуды сұраймыз.

Тарифтік сметаны орындау мәселелері бойынша жиналыс өтеді 

"Астана Innovations" АҚ табиғи монополия субъектісі бола отырып, 2024 жылғы 29 сәуірде Астана қ.уақыты бойынша сағат 17:00-де тарифтік сметаны орындау мәселелері бойынша алдағы есептік жиналыс туралы хабарлайды, тыңдаулар С. Сейфуллин, 27, 203 кабинетте өтеді. Толық ақпарат алу үшін + 7 7172 95 42 13 телефон нөмірі немесе kulzhanov.n@ain.kz поштасы арқылы телефон нөміріңізді қалдырыңыз.

"АСТАНА INNOVATIONS" АҚ ҚЫЗМЕТТЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

2024 жылғы 2 мамырдан 14 маусымға дейін "Астана Innovations" АҚ-да (бұдан әрі - Қоғам) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады.
Қоғам қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілетін болады:
1) Қоғамның қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Қоғамның ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Елорда әкімдігі мен Astana Hub «Pitch Day»-дың алтыншы легін өткізді

Қаланы дамытуға бағытталған жобалар Pitch Day –дың алтыншы легінде таныстырылды. Іс-шара Астана қаласының әкімі Ж.Қасымбек, Астана қаласы әкімінің орынбасары Е. Бекмурзаев, ҚР Цифрлық даму министрлігің бірінші вице-министрі Қ. Төлеушин сондай-ақ Астана қаласы цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы М. Аширбековтың қатысуымен өтті. Өтінім берген жобалар әртүрлі бағытты қамтыды: білім беру, денсаулық сақтау, ТҮКШ, қауіпсіздік, көлік қатынасы және т.б. Барлығы 10 жоба тыңдалды.
"Управдом" - тұрғындар, МИБ (ОСИ) және ПИБ арналған цифрлық экожүйе. Кіру жүйесі (QR арқылы) немесе қосымша арқылы шлагбаумдарды қашықтан ашу;
"Oqylyq" – білім саласындағы онлайн-тестілеуді, сертификаттауды, олимпиадалар және қашықтан емтихандарды өткізуге арналған жоба;
"Alaqan Mektep" - оқушыларға арналған, адамның алақаны арқылы іске асатын төлем және қауіпсіздік жүйесі;
"Socium" сандық платформасы- дәрі-дәрмектің тиімді қолданылуын қадағалауға арналған жүйе;
"Иммунитет столицы.KZ" - адамның иммундық мәртебесін анықтау технологиясы;
"Beyne.ai Video analytics" - ашық көздерден және бейнекамералардан келбетті тану және іздеу технологиясы;
"Operational Platform of Expert Recognition (O. P. E. R)" - адамдардың бет-әлпетін, автомобиль нөмірлерін, ситуациялық және жол аналитикасын тануға және сәйкестендіруге мүмкіндік беретін интеллектуалды бейнебақылау жүйесі;
"Student Life" - студенттердің сабаққа қатысуы мен үлгерімін автоматты түрде тіркеуге арналған қосымша;
"Қол жетімді аула" - төтенше жағдай кезінде жабық аулаларда көмек көрсететін органдардың жылдам әрекет етеуін тежейтін қиындықтарды шешуге арналған жоба;
"Жергілікті қамту үлесінің мониторингі" - мемлекеттік сатып алу порталынан позициялар мен сертификаттар бойынша деректерді жинауға және талдауға арналған web қосымша түріндегі құрал.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Астана қаласының әкімдігі мен Astana Hub IT-шешімдерді іздеу туралы хабарлаған болатын. Осылайша, стартапшылар әкімдік алдында жобаларын таныстырып, қаланың дамуына өз үлесін қосуға мүмкіндік алды.

БЕКІТІЛГЕН ТАРИФТІК СМЕТАНЫ ОРЫНДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ТЫҢДАУЛАР ӨТКІЗУ, БЕКІТІЛГЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАНЫ ОРЫНДАУ ТУРАЛЫ

"Астана Innovations" АҚ табиғи монополия субъектісі бола отырып, 2023 жылғы 31 шілдеде Астана қ. Уақытымен сағат 17:00-де тарифтік сметаны орындау мәселелері бойынша өтетін алдағы есептік жиналыс туралы хабарлайды, тыңдаулар Бейбітшілік 9, 203- кабинетте өтеді. Толық ақпарат алу үшін + 7 7172 95 42 13 телефон нөмірі немесе seriktayev@mail.ru поштасы арқылы телефон нөміріңізді қалдырыңыз.

«Астана Innovations» АҚ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы хабарландыру

2023 жылғы 1-30 маусым аралығында «Астана Innovations» АҚ-да (бұдан әрі - Қоғам) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.
Қоғам қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілетін болады:
1) Қоғамның қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Қоғамның ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. 

БЕКІТІЛГЕН ТАРИФТІК СМЕТАНЫ ОРЫНДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ТЫҢДАУЛАР ӨТКІЗУ, БЕКІТІЛГЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАНЫ ОРЫНДАУ ТУРАЛЫ

"Астана Innovations" АҚ табиғи монополия субъектісі бола отырып, 2023 жылғы 28 сәуірде Астана қ.уақыты бойынша сағат 17:00-де тарифтік сметаны орындау мәселелері бойынша алдағы есептік жиналыс туралы хабарлайды, тыңдаулар Бейбітшілік 9, 203 кабинетте өтеді. Толық ақпарат алу үшін + 7 7172 95 42 13 телефон нөмірі немесе seriktayev@mail.ru поштасы арқылы телефон нөміріңізді қалдырыңыз.

Елорданың елді мекендері сапалы интернетпен қалай қамтамасыз етіледі

Елорданың аудандары мен елді мекендерінің бәрін сапалы байланыспен және интернет желісімен қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыс жүріп жатыр. Бұл туралы онлайн-брифингте Астана қаласы цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Мейрамбек Әшірбеков мәлім етті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Елордада 16 елді мекен бар, олардың бесеуі – Теміржолшылар, Заречный, Пригородный, Үркер, Көктал-1 жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілген. Тағы 9 елді мекенде (Көктал-1, Агроқалашық, Интернациональный, Оңтүстік-Шығыс, Промышленный, Телман, Мичурино, Қазқалашық, Кирпичный) оптикалық байланыс желілерінің құрылысы бойынша жұмыс жүріп жатыр, үшеуінде (Қоянды, Күйгенжар, Өндіріс) инвесторлар тартылуда. Қалаға жұмылдырылған инвестициялардың жалпы сомасы 1,5 млрд теңгені құрайды.

Мысалы Сарыарқа ауданында «Казахские домашние сети» ЖШС инвесторы Көктал-1, 2, Агроқалашық елді мекендерінің тұрғындары үшін интернет желісіне қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Көктал-2-де 16 км көше кабелі тартылды. Мұнда алғашқы абоненттер өткен жылдың қараша айында қосылды. Көктал-1-ге 7 км-ден астам кабель тартылды, абоненттерді қосу 2023 жылдың наурызына дейін жоспарланған.

«Көктал-2 шағын ауданының алғашқы абоненттері интернетке қосылды. Тұрғындарға талшықты-оптикалық байланыс желілері арқылы жоғары жылдамдықты интернет және сандық теледидар қызметтері ұсынылады. Заманауи GPON технологиясы жарықтандыру бағаналары мен электр желілері арқылы өтеді. Баршын, Құланөтпес, Саумалкөл, Айдарлы, Ақмола, Ұлытау және басқа да көшелердегі 200 үй қосылуға дайын», - деді Мейрамбек Әшірбеков.

Есіл ауданының Үркер, Телман елді мекендерінде бұл жұмысты Synergy Telecom ЖШС инвесторы жүргізеді. Мәселен бүгінде Үркерде 20 км көше кабелі тартылды. 50 абонент қосылды, 70 өтінім бойынша жұмыс жүріп жатыр.

«Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп Үркер елді мекенінде 290-нан астам үйді қамтитын көшелерде микротүтікшелерді пайдалана отырып желілер салу бойынша жұмыс жүргізілді. Бұл Малайсары батыр, Таукент, Ер Төстік, Мәди, Мұрын Жырау, Омба, Сырым батыр, Бойтұмар, Жасыбай, Смағұл Сәдуақасов көшелері», - деді спикер.

Сонымен қатар, «Астана-АЭК» АҚ-мен бірлесіп инвесторларды толық қаржыландыру есебінен елорданың елді мекендерінде электр беру және жарықтандыру тіректері бойынша оптикалық байланыс желілерін жүргізу мәселесі пысықталды.

Жол инфрақұрылымын сканерлеу жобасы

Жол инфрақұрылымын сканерлеу жобасы жол төсеніші мен жол активтерін талдауға арналған шешім. Бұл шешім бейне талдауға негізделген машиналық оқыту арқылы жұмыс істейді.

Бағдарлама жолдағы барлық активтерді жазып, талдайтын компьютерлік көру алгоритмімен оқытылады. Бұл келесі жағдайларда жұмыс істейді:
• Жүйеге сканерлеу үшін 1 көлік және 1 арнайы DVR қажет;
• Тәулігіне 400 км-ге дейінгі қашықтыққа бір ғана жүргізуші қажет;
• Жүйе нақты есеп беруді қамтамасыз ету үшін егжей-тегжейлі HD бейне + GPS координаттарын жазады. Бұл бейне жүйе арқылы одан әрі талдау үшін жүйеге жүктеледі.

Барлық талданған деректер SeekRight Road жүйесі өңдегеннен кейін реттелетін басқару тақтасында көрсетіледі. Басқару тақтасы тіркелген жол активтерінің 100-ден астам түрін көрсетеді. Жүйе жол активтерінің жоқтығын немесе бар-жоғын анықтаудан басқа, жолдағы шұңқырлардың, шұңқырлардың, қардың, жолдағы су құрылымдарының және т.б.

Қазіргі уақытта «Astana Innovations» АҚ 2022 жылдың 4-7 қазанында 110 шақырым жолға арналған пилоттық жобаны аяқтады.

Our projects

Pitch Day жобасының төртінші кездесуі өттІ

Pitch Day бағдарламасының төртінші легінде денсаулық сақтау саласындағы 10-нан астам жоба ұсынылды. Жобалардың ауқымы алуан түрлі: Альцгеймер ауруын диагностикалауға арналған стартаптан бастап жүкті әйелдерге арналған қосымша, зағиптар үшін көру технологиясын қолданудан онлайн медициналық кеңес беру қызметіне дейін.
Бұл жолы қазылар алқасында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Есенбаев Бейбіт, ҚР ЦДАӨМ ақпараттық технологияларды дамыту департаментінің директоры Ерманов Ерсұлтан, Астана қаласы Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы басшысының орынбасары Ахметов Берік және «Astana Innovations» АҚ басқарма төрағасы Нұрсұлтан Қалдыбаев болды.
Еске салайық, бұған дейін Астана әкімдігі мен Astana Hub IT жобаларға іздеуді жариялаған болатын нәтижесінде 100 ден аса өтінім жиналды. Осылайша, стартаперлер өз жобаларын әкімдікке ұсынып, қаланың дамуына үлес қосуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, қатысушылар өзара кері байланыс орнатуға және басқа стартаптармен бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік алды. Қатысушылардың әрқайсысы Pitch Day күнінен кейін жобаны дамыту бойынша әрі қарай Цифрландыру басқармасының өкілдерімен кездесуге шақырылады.

PITCH DAY -ДІҢ 3- ЛЕГІ ӨТТІ

Pitch Day үшінші тыңдалымында 15 қатысушы өз жобаларын таныстырды. Негізінен көлік саласы назарға алына отырып, коммуналдық мәселелер, туризм бойынша да жобалар ұсынылды. Мысалы, tasu.kz жүк көліктеріне арналған. Жылдам тапсырыс қабылдап, бағаны қадағалауға мүмкіндік береді. Ауылшаруашылық өнімдерін ортадағы делдалдарсыз арзан бағада алу, тиімді сату алаңында ұсынатын fair bazaar жобасы таныстырылды. Сондай-ақ, пәтер алып сатуға, үстемесіз пәтер жалдауға LIVIN қосымшасы ұсынылды.
Қазылар алқасының құрамында Астана қаласы цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Мейрамбек Әшірбеков, ҚР ЦДИАӨМ Ақпараттық технологиялар саласын дамыту департаментінің директоры Ержанов Ерсұлтан, "Астана Innovations" АҚ Басқарма Төрағасы Нұрсұлтан Қалдыбаев және көлік саласындағы жобаларды бағалау үшін “City Transportation Systems” басқармасының басшысы Тәжиев Ғани Жарасұлы болды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Астана қаласының әкімдігі мен Astana Hub IT-жобаларды іздеу туралы хабарлаған болатын. Astana Hub Халықаралық IT-стартаптар технопаркімен бірлесіп 100-ден аса өтінім жиналды. Осылайша, стартаптар әкімдік алдында өз жобаларын таныстыруға және қаланың дамуына өз үлестерін қосуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, қатысушылардың желіге қосылу мүмкіндігі, өзара фидбэк және қалалық құрылымдармен және басқа стартаперлермен ынтымақтастық орнатуға мүмкіндігі болды. Қатысушылардың әрқайсысы Pitch Day-ден кейін жобаны дамыту бойынша одан әрі жұмыс істеу үшін цифрландыру басқармасының өкілдерімен кездесуге шақырылады.

КӨМІР САТУ ОРЫНДАРЫ SMART ASTANA-ДА ҚОЛ ЖЕТІМДІ

Smart Astana мүмкіндіктерді арттырады. Енді қосымшаны пайдалана отырып, көмірдің бар-жоғын, сату орталығынның мекен-жайын, бағасы мен сапасы туралы ашық ақпаратты көруге болады. Мобильдік қосымшада 16 сауда нүктесі мен көмірдің 5 түрі көрсетілген.
Көмірдің бар-жоғы туралы күнделікті ақпаратты «Астана қаласының Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ береді. Smart Astana арқылы баға мониторингісі онлайн форматта жүргізіліп, көмірдің жетізу уақытын көре аласыздар. Сондай-ақ, көмірдің түрі мен бағасы сұрыптатап, өзіңіз қалайтын түрін таңдай аласыз. Сонымен қатар, пайдаланушы көмір сату нүктесін өзіне жақындығына қарай таңдай алады. Сатып алушыға ыңғайлы болу үшін қызмет көрсетушінің байланыс телефондары көрсетілген. Сату орнында көмір болмаса немесе оның бағасы тым жоғары болса, басқа да себептермен қызмет көрсету көңіліңізден шықпаса, Smart Astana мобілдің қосымшасында пікір қалдыру не шағым жазу мүмкіндігі бар.
Smart Astana қосымшасын Play Market пен App Store платформаларынан келесі сілтеме арқылы https://onelink.to/nkzfxa жүктеп алуға болады.

Our projects

PITCH DAY ЕКІНШІ ЛЕГІН ЕЛОРДА ӘКІМДІГІ МЕН ASTANA HUB ӨТКІЗДІ

Pitch Day екінші тыңдалымында 4 секция бойынша 10-нан астам жоба ұсынылды: білім беру, денсаулық сақтау, қауіпсіздік және аймақты басқару.
Қазылар алқасының құрамына Астана қаласының орынбасары Ман Бекмұрзаев, Астана қаласы цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасы Мейрамбек Әшірбеков, ҚР ЦДИАӨМ Ақпараттық технологиялар саласын дамыту департаментінің директоры Ержанов Ерсұлтан және "Астана Innovations" АҚ Басқарма Төрағасы Нұрсұлтан Қалдыбаев кірді.
"Барлық жағдайлар IT саласын, цифрландыруды дамытуға бағытталған, өйткені бұл бүгінгі күні әкімдіктер мен министрліктер үшін өте қажет. Цифрлық технологиялар біздің өмірімізге енді және сіздер бүгін ұсынатын барлық бастамалар қала деңгейінде іске асырылатын болады деп сенемін. Астана қаласының әкімдігі әрдайым көмек көрсетуге дайын. Сондықтан барлығын осы күнмен құттықтаймын. Тек сәттілік тілеймін!",- деп атап өтті Астана қаласы әкімінің орынбасары Е. Бекмұрзаев.

«Астана Innovations» АҚ мен Astana IT University өкілдері кездесу өткізді

Жиында екі ұйым арасындағы келісімдер талқыланып, қала тұрғындары үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған жобалар ұсынылды. Ауа тазартатын қондырғылар, мектеп аумағындағы қауіпсіздік, қаланы тиімді жылумен қамту сияқты мәселелер қозғалды. Сондай-ақ Астана Innovations тарапынан университет студенттері мен оқытушыларына шетелдік белді компаниялар мен ЖОО арасында байланысты арттыру мүмкіндігі ұсынылды.

Жұмыс тобы

Есіл ауданында байланыс сапасы және антенналық діңгек құрылымдарын орнату мәселесі бойынша жиын өтті

2022 жылдың 7 қыркүйегінде ҚР ЦДИАӨМ Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Мейрамов Ержанның төрағалығымен Жаңа мешіт ауданындағы мобильді интернет пен байланыс сапасын арттыру мәселесін шешуге арналған жиын өтті. Шараға Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, «Қазақтелеком», «Sembol», «Beeline», «Kcell» және «Tele-2» компанияларының өкілдері де қатысты. Ұялы байланыс желілерінің техникалық аспектілерін жетілдіру бағыттары, сондай-ақ мобильді байланыс желілері мен Интернеттің өнімділігі, жұмыс жүктемесі мәселелері қарастырылған.

АСТАНА INNOVATIONS БЛОГЫ

Елордада Pitch Day бойынша жобалар таныстырылымының алғашқы күні өтті

Нұр-Сұлтан қаласының цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету басқармасы және «Astana hub» ұйымдастыруымен 26- тамызда Pitch Day IT-жобалар таныстырылымы өтті. Келіп түскен 100 ден аса өтініш ішінен 11 үміткер өз жұмыстарын ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Нұр-Сұлтан қаласының цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету басқармасы және “Астана Innovations” АҚ өкілдерінің алдында таныстырды. Шара мақсаты тұрғындар сұранысын қамтып, қала әкімдігінің қызметін жүйелендіру. Әкімдік тарапынан тиімді деп танылған жобалармен әрі қарай жұмыс жүргізіледі.


Тарифное ограничение
На вашем тарифе можно опубликовать два динамических блока. Удалите предыдущие блоки или получите больше возможностей, перейдя на другой тарифный план.
Перейти на расширенный тариф