Елордада STEM білім беруді дамыту: ең танымал бағдарламалау тілдері анықталды

Дизайн без названия-16 (1).jpg

STEM Олимпиадасына қатысатын қазақстандық оқушылардың ойынша, ең танымал бағдарламалау тілдері Python, Scratch және С++ болып табылады. Бұл 5-11 сыныптардың 1500-ден астам оқушылары мен 422 мұғалімдер арасында республикалық STEM Олимпиадасы туралы жүргізілген сауалнама негізінде жасалған түйіндеме.

«Біз қатысушылар арасында алдағы республикалық STEM олимпиадасын қалай жақсартуға болатынын түсіну үшін сауалнама жүргіздік. 3 жыл ішінде іріктеу мен олимпиаданың финалдық кезеңіне Қазақстанның түкпір-түкпірінен 14 000-нан астам оқушы қатысты. 2018 жылы қалалық STEM олимпиадасына 100 оқушы, 2019 жылы республикалық STEM олимпиадасына 500-ге жуық оқушы қатысты. Ал 2020 жылы эпидемиологиялық жағдайға байланысты, қатаң санитарлық нормаларды сақтай отырып, 90 оқушының қатысуымен тағы бір қалалық STEM олимпиадасын өткізді. 2021 жылы республикалық олимпиаданы өткізу жоспарлануда», - дейді Astana Innovations Инновациялық экожүйені дамыту орталығының бас менеджері Данияр Құрманбаев.

Оқушылардың сауалнамасының нәтижелері STEM Олимпиадасындағы ең тартымды пән 3D модельдеу (35%), одан әрі бағдарламалау (30%), робототехника (25%) және инженерлік математика (11%) болып табылатынын көрсетті. Сауалнамаға қатысқан 1275 оқушы арасында ең танымал бағдарламалау тілдері - Python (679), Scratch (425) және C++ (308).

«Оқушыларды олимпиадаға дайындауда мұғалімдер маңызды рөл атқарады. Осылайша, сауалнама нәтижелеріне сәйкес мұғалімдердің 88% өз оқушыларына әртүрлі тақырыптар бойынша жобалық тапсырманы пысықтауға көмектесуге дайын. Сонымен қатар, ең танымал жобалық тақырыптар: қалалық «ақылды» шешімдер, анти-ковид, пайдалы вебсайттар мен қосымшалар екені анықталды», - деп атап өтті Данияр Құрманбаев.

Мұғалімдер арасында жүргізілген сауалнаманың нәтижелері көрсеткендей, егер шәкірттер STEM олимпиадасы аясында жобалық конкурста жеңіске жетсе, оқытушылардың 58%-ы оқушылармен бірге жобаны пысықтауды жалғастыруға және оны Нұр-сұлтан қаласында сынақтан өткізуге дайын.

Оқушылардың айтуынша, олимпиадаға дайындалу үшін орта есеппен 2-3 ай қажет. Ал мұғалімдердің 49%-ы мұғалімдердің өздеріне 25-35 күнге жуық уақыт қажет деп шешсе, 22%-ы 15-25 күн, ал өзіне сенімді оқытушылардың 29%-ы ғана даярлыққа екі аптадан аз уақыт керек деп есептеген.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы кезекті республикалық STEM олимпиадасын өткізу жоспарланған. Оқушылардың ең үздік жобалары елорда аудандарының бірінде пилоттау мүмкіндігіне ие болады. Нұр-Сұлтан әкімдігі Astana Innovations-пен бірлесіп STEM бағытын тұрақты түрде дамытып келеді. Бүгінде елорда мектептерінде 50-ден астам STEM зертхана жұмыс істейді.

Толығырақ ақпарат алу үшін:

PR және халықаралық қатынастар орталығының бас менеджері

Қаракөз Тасболатова +7 701 579 9716

АСТАНА INNOVATIONS БЛОГЫ

DJI_0278 (1).jpg

Astana Innovations-тың инновациялық 10 жылы: идеядан жүзеге асыруға дейін

  Нұр-Сұлтан – ірі мегаполис. Сондықтан бұл шаһар үздіксіз даму мен жаңашылдықты жақсы көреді. Бұрын «Smart» қала» деген сөзді тек шет елдік кино не болмаса жаңалықтардан еститінбіз. Ал, қазір елорда тұрғындарының барлық мәселелері заманауи «Smart» тех...
Дизайн без названия-16 (1).jpg

Елордада STEM білім беруді дамыту: ең танымал бағдарламалау тілдері анықталды

  STEM Олимпиадасына қатысатын қазақстандық оқушылардың ойынша, ең танымал бағдарламалау тілдері Python, Scratch және С++ болып табылады. Бұл 5-11 сыныптардың 1500-ден астам оқушылары мен 422 мұғалімдер арасында республикалық STEM Олимпиадасы туралы жү...
Дизайн без названия-3 (1).jpg

Елорда мектебінде маска мен температураны өлшеу технологиясын енгізді

  2021 жылдың 27 сәуірінде елордалық мектепте бет-әлпетті тану жүйесі іске қосылды, ол бірден температураны өлшеп, масканың болуын тексереді. Бұдан басқа, қазақстандық ІТ-әзірлеме деректер базасында тіркелмеген адамдардың мектепке кіруін шектейді және...
news (6) (1).jpg

Нұр-Сұлтанда автономды дезинфекция жүйесі бар аялдама іске қосылды

  Елордада автономды дезинфекция және аялдама павильондарының қауіпсіздігін бақылау жүйесі ресми түрде іске қосылды. Инновациялық жүйе Нұр-сұлтан қаласы Қосшығұлұлы көшесіндегі жабық аялдамада орнатылды. Ол ауаны дыбыссыз дезинфекциялауды және бөлме...
news (5) (1).jpg

БҰҰ ЕЭК-пен бірлесіп Нұр-Сұлтан қаласының бейіні әзірленді

  Қала бейіні – бұл есеп нысанындағы және одан әрі жарияланым түріндегі тұжырымдар мен ұсынымдар жиынтығы, оны БҰҰ ЕЭК тиімділіктің түйінді көрсеткіштерін бағалау негізінде шығарады: экономика, қоршаған орта, қоғам және мәдениет. 2018 жылы қаланың қаж...
news (3) (2).jpg

STEM олимпиадасының үздік жобалары елордада пилоттау мүмкіндігіне ие болады

  Инновациялық экожүйені дамыту жаңа технологияларды енгізусіз, қолданыстағыларын жақсартусыз, технологиялық шешімдерді басқарусыз және масштабтаусыз мүмкін емес. Бірақ, ең бастысы, ақылды және креативті инноваторларсыз мүмкін емес. Олардың қатары көбе...
ain - blog (1).jpg

«Astana Innovations» «Ақылды аудан» ауқымды жобасын іске қосуда

  «Astana Innovations» «Есіл», «Алматы» және «Сарыарқа» аудандарының әкімдіктерімен бірлесіп «Ақылды аудан» ауқымды жобасын іске қосуда. Ақылды аудан - қазіргі уақытта белгілі ақылды технологиялар мен шешімдерді шоғырландыратын «жанды зертхана». «Ақы...
news (2) (2).jpg

Digital Almaty 2021 — Цифрлық қайта жүктеу: жаңа болмысқа серпіліс

  5 ақпанда «Digital Almaty 2021 — Цифрлық қайта жүктеу: жаңа болмысқа серпіліс» халықаралық форумы өтеді. Панельдік сессияда «Қос цифрлық.Қала.Ел.Аймақ» тақырыбында спикер ретінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша цифрландыру басқармасының басшысы Ботагоз Қа...
news (1).jpg

Өзіңнің ісіңді бастап 10 000$ грант ұтып ла

  🥳 Kickstarter және Indiegogo халықаралық краудфандингтік платформаларына кіру үшін hardware жобаларды іске асыруға арналған Kick Starter 2.0 байқауына өтінімдер қабылдау басталғанын NURIS Инновациялық кластер @nuris_cluster жариялайды. ⠀ 👏🏻 Жеңімпаз ...
news (4).jpg

Стартаптар үшіне тегін онлайн bootcamp EMERGE U!

  Уақыты: 2021 жыл, 1-5 наурызға дейін Өтетін орны: EMERGE сайтындағы сілтеме бойынша тіркелу emergeconf.io/emerge-u  Онлайн bootcamp-та сіз инкубаторларға, акселераторларға немесе питч-жарыстарға қатысу үшін барлық негізгі қадамдарды білесіз. - ...