5 ақпанда «Digital Almaty 2021 — Цифрлық қайта жүктеу: жаңа болмысқа серпіліс» халықаралық форумы өтеді. Панельдік сессияда «Қос цифрлық.Қала.Ел.Аймақ» тақырыбында спикер ретінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша цифрландыру басқармасының басшысы Ботагоз Қасабек сөз сөйлеп, Қазақстан елордасының геопорталын ұсынады.
Форумның аса маңызды оқиғасы Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕЭО) премьер-министрлері мен жетекші халықаралық сарапшылардың қатысуымен өтетін пленарлық сессия болады.
◽️Форумның негізгі міндеттері цифрландыру саласында өңірлік және жаһандық деңгейде күн тәртібін, цифрлық трансформацияның жаңа стратегиялары мен жаңа технологиялар саласындағы трендтерді қалыптастыру, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықтың алдағы қадамдары мен перспективаларын талқылау болып табылады.
2021 жылы форум гибридті форматта өтеді, осылайша форум аясындағы іс-шаралардың басым бөлігі онлайн өткізіледі🔻
🔗Форумға тіркелу мына сілтеме
https://forum.mdai.gov.kz/ бойынша қолжетімді