Уақыты: 2021 жыл, 1-5 наурызға дейін
Өтетін орны: EMERGE сайтындағы сілтеме бойынша тіркелу
emergeconf.io/emerge-u
Онлайн bootcamp-та сіз инкубаторларға, акселераторларға немесе питч-жарыстарға қатысу үшін барлық негізгі қадамдарды білесіз.
- Спикерлер процесс туралы өз тәжірибелерімен бөліседі,
- Шешім қабылдаушылар өтінім беру кезеңдері туралы айтып береді,
- Сарапшылар сізді қабылдау мүмкіндігін жақсарту бойынша практикалық кеңестер береді!
Іс-шара бағдарламасында:
+ 2021 жылғы инвестициялық трендтер;
+ Қаржыландыруды қалай табуға болады немесе қаражатты қайда және қалай іздеу керек?
+ Өтінім берер алдында стартапқа арналған чек-парақ;
+ Бәрін өзі түсіндіретін питч-дек;
+ Өнім туралы 10 немесе одан да аз сөзбен айта білу;
+ Корпоративтік бағдарламалар-үлкен B2B клиентін тартуға арналған лотерея билеті;
+ Стартаптардың өтініш берер алдында жіберетін 10 үлкен қателері;
Іс-шараға қатысушыларды жағымды бонус күтеді
Ұйымдастырушылардың таңдауы бойынша, 10 үздік стартап 12-14 мамыр аралығында өтетін Emerge технологиялық конференциясына тегін билеттер алады, сонымен қатар Emerge 100 арнайы есебіне кіреді.
Іс-шараның форматы: онлайн.