БЕКІТІЛГЕН ТАРИФТІК СМЕТАНЫ ОРЫНДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ТЫҢДАУЛАР ӨТКІЗУ, БЕКІТІЛГЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАНЫ ОРЫНДАУ ТУРАЛЫ
"Астана Innovations" АҚ табиғи монополия субъектісі бола отырып, 2023 жылғы 31 шілдеде Астана қ. Уақытымен сағат 17:00-де тарифтік сметаны орындау мәселелері бойынша өтетін алдағы есептік жиналыс туралы хабарлайды, тыңдаулар Бейбітшілік 9, 203- кабинетте өтеді. Толық ақпарат алу үшін + 7 7172 95 42 13 телефон нөмірі немесе seriktayev@mail.ru поштасы арқылы телефон нөміріңізді қалдырыңыз.
«Астана Innovations» АҚ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы хабарландыру
2023 жылғы 1-30 маусым аралығында «Астана Innovations» АҚ-да (бұдан әрі - Қоғам) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.
Қоғам қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілетін болады:
1) Қоғамның қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Қоғамның ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

БЕКІТІЛГЕН ТАРИФТІК СМЕТАНЫ ОРЫНДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ТЫҢДАУЛАР ӨТКІЗУ, БЕКІТІЛГЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАНЫ ОРЫНДАУ ТУРАЛЫ
"Астана Innovations" АҚ табиғи монополия субъектісі бола отырып, 2023 жылғы 28 сәуірде Астана қ.уақыты бойынша сағат 17:00-де тарифтік сметаны орындау мәселелері бойынша алдағы есептік жиналыс туралы хабарлайды, тыңдаулар Бейбітшілік 9, 203 кабинетте өтеді. Толық ақпарат алу үшін + 7 7172 95 42 13 телефон нөмірі немесе seriktayev@mail.ru поштасы арқылы телефон нөміріңізді қалдырыңыз.

АСТАНА INNOVATIONS БЛОГЫ
Елордада Pitch Day бойынша жобалар таныстырылымының алғашқы күні өтті
Нұр-Сұлтан қаласының цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету басқармасы және «Astana hub» ұйымдастыруымен 26- тамызда Pitch Day IT-жобалар таныстырылымы өтті. Келіп түскен 100 ден аса өтініш ішінен 11 үміткер өз жұмыстарын ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Нұр-Сұлтан қаласының цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету басқармасы және “Астана Innovations” АҚ өкілдерінің алдында таныстырды. Шара мақсаты тұрғындар сұранысын қамтып, қала әкімдігінің қызметін жүйелендіру. Әкімдік тарапынан тиімді деп танылған жобалармен әрі қарай жұмыс жүргізіледі.

«АСТАНА INNOVATIONS» АҚ «АҚЫЛДЫ ДОМОФОН» АТТЫ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ
Елорда тұрғындарында қашықтан басқарылатын smart-домофон пайда болды. Бұл домофон қашықтан есікті ашып-жабуға, тұлғаны анықтап, смартфон мен домофон арасында бейнеқоңырау орнатуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар «ақылды домофонның» мынандай артықшылықтары бар:
- Домофон панелінен визуалды және дыбыстық хабарлама алу ;
- Подъезіңізге кілтсіз-ақ жедел жәрдем, полиция, ТЖД қызметкерлерін кіргізу мүмкіндігі;
- Домофон арқылы басқарушы компаниямен байланысу;
- Келушілер мен жергілікті аумақты, лифттерді кез келген уақытта бейнебақылау, соңғы 7 күндегі камера жазбаларының мұрағаты қолжетімді;
- Мамандардың физикалық қатысуынсыз абоненттерді қашықтан ажыратып, қосу мүмкіндігі;
- «Интерсвязь» компаниясының смарт домофоны пәтерлердегі домофон құрылғыларымен үйлеседі, сондықтан домофон желісін өзгертудің қажеті жоқ.
«Ақылды» домофон пилоттық жобасы Есіл ауданы әкімдігі, «Қазақтелеком» АҚ, «BI Clients Service 1» ЖШС, «Astana Innovations» АҚ және «Интерсвязь» фирмасы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумы аясында іске асырылады. Қазіргі уақытта құрылғылар Ұлы Дала даңғылы, 11 мекенжайында орнатылған. Пилоттық жобаны іске асыру мерзімі 3 ай.

ЕЛОРДА ТҰРҒЫНДАРЫН ИНТЕРНЕТ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС САПАСЫН ЖАҚСАРТУ БОЙЫНША ЖҰМЫС ТОБЫНА ШАҚЫРАМЫЗ
Елорданың интернет пен байланыс сапасын жақсарту мақсатында құрылған жұмыс тобына қала тұрғындары мүшелік ете алады. Құзыретті органдармен кездесіп, жауапты операторлармен тілдесіп өз тұрғын үй кешеніңіздегі байланыс сапасын жақсартуға үлес қоса аласыз.
Жұмыс тобына қатысу үшін жеке мәліметтеріңізді мына сілтеме бойынша өтіп қалдырыңыз: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdwtLoSGSbIvcZXGja8lb3YS7vkmHTQnTrU6NMe-fuWKq92Mw/viewform
Айта кетейік, әрбір тұрғын үй немесе көп пәтерлі тұрғын үйдегі КСК немесе ОСИ өкілдерінен, белсенділерден жұмыс тобына тек бір өкіл қатыса алады.
Жұмыс тобының мүшелері:
- Елордалық тұрғын үй және аудандардың өкілдері;
- ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитетінің өкілі;
- Нұр-Сұлтан қаласы бойынша өңіраралық байланыс инспекциясының өкілі;
- Байланыс операторларының өкілдері;
- Нұр-Сұлтан қаласы аудан әкімдіктерінің өкілдері;
- Нұр-Сұлтан қаласының цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының өкілдері;
- «Aстана Innovations» АҚ өкілдері.
